Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы өртеніп жатыр

Ресей әскері Украинада Еуропадағы ең ірі атом электр станциясын атқылады. АЭС аумағында өрт болып жатыр.


04/03/2022
10:30 36472 0

 

 

УНИАН басылымының мәліметінше, Ресейдің Запорож атом электр станциясын бомбалауы салдарынан АЭС өртеніп жатыр. 

 

 Еуропа қазір оянуы керек. Еуропаның ең ірі атом электр станциясы жанып жатыр. Дәл қазір Ресей танктері атом блоктарын атқылауда. Бұл танктер тепловизормен жабдықталған. Яғни, олар қайда ату керек екенін біледі. Олар бұған дайындалған,  деді Украина президенті Владимир Зеленский АЭС-ке байланысты жасаған мәлімдемесінде.  

 

Бұдан бөлек, Зеленский өз сөзінде Ресейдің Чернобль апатын қайталағысы келетінін, ол жерде бір ғана блок жарылса, Запорож АЭС-інде алты бірдей блок бар екенін айтты.  

 

Запорож АЭС-інің атқарушы директоры Игорь Мурашев ядролық қауіпсіздік мәселесі бұзылғанын мәлімдеді. 

 

— Біз қолымыздан келгенін істеп жатырмыз. Бірақ өрт жанып жатыр, өрт сөндірушілер аймаққа жіберілмеуде. Станцияда соғыс жүруде. Реакторға қауіп төнуде, — деді Мурашев. 

Поделиться

Нет комментариев.

04/03/2022 10:30
36472 0

Уведомление